Армандаймын, мен сені армандаймын,
Ғашық болып, мен саған қалғандаймын.
Келші сәулем, жаныма келші енді
Кездесуді мен әлі армандаймын.
Келші сәулем, жаныма келші енді,
Кездесуді мен әлі армандаймын.
Көл шетінде бір аққу жүзіп барады,
Сол аққуға отырдым ұзақ қарап.
Сүйгенінен айырылған қиын екен,
Жар басында, отырдым ұзақ жылап.
Сүйгенінен айырылған қиын екен ,
Жар басында, отырдым ұзақ жылап.
Бара алмаймын тойыңа бара алмаймын
Барған менен көңілді бол алмаймын
Тілек айтып тойыңда жылағанмен
Өлең айтып үйімде мен қалайын.