Кентауым
С. Бәйтереков
Ә. Сығай
Кентауым - мәуелі гүл бағым,
Сылдырап жүгірер бұлағың.
Сен жайлы тербетсем қиялды,
Төгілер кеудемнен жыр-ағын.
Еңбекқор салтымен қаншаннан,
Көгеріп, көктеген, жасарған.
Достық пен арманның отауы,
Шап-шағын ауылдан бас алған.
Қайырмасы:
Кентауым – мәуелі гүл бағым,
Сылдырап жүгірер бұлағың.
Сен жайлы тербетсем қиялды,
Төгілер кеудемнен жыр-ағын.
Ғажайып жандардан бата алған,
Мекенім – көңілдің қиясы.
"Қаратау тәжі" деп атанған
Жастықтың жасампаз ұясы.
Жүректе сөнбейтін шырағым,
Түған жер – мәңгілік тұрағым.
Сағынған сәттерде өзіңе,
Ұшуға сәл-ақ қап тұрамын.