1.Ұмытқың қанша келсе де,
Ұмыта алмайсың мені.
Сезімді ақылың жеңсе де,
Бұл дерттің табылмас емі.
Біз ғана білетін жалғанда
Жайлардың жадыңда дені.
Соларды оңаша қалғанда
Сағынсаң, іздейсің мені.
Біз ғана білетін жалғанда
Жайлардың жадыңда дені.
Соларды оңаша қалғанда
Сағынсаң, іздейсің мені.
2.Басқамен бірге өмір кешсең де,
Басыңа түскенге көніп.
Басқаша болар деп еш сенбе,
Бәрібір ойлайсың мені.
Кірпігің ілінбей таңдарда
Кім білсін, күтесің нені,
Махаббат туралы ән барда,
Сағынсаң, іздейсің мені.
Кірпігің ілінбей таңдарда
Кім білсін, күтесің нені,
Махаббат туралы ән барда,
Ұмыта алмайсың мені.
3.Қай қиыр, өңірде жүрсең де
Келмесе көрудің жөні.
Білесің, білесің өзің де
Бәрібір ойлайсың мені.
Тосыннан түсіңе кіргенде
Толқытып кетермін сені.
Екеуміз жер басып жүргенде
Ұмыта алмайсың сені.
Тосыннан түсіңе кіргенде
Толқытып кетермін сені.
Екеуміз жер басып жүргенде
Ұмыта алмайсың сені.