СЕЗІМ
Әні: Марат Ильясов Сөзі: Асқар Егеубаев
Ертегі – түннің ғажабын,
Аралап, шіркін, қанайық.
Сенделтіп сезім азабын,
Бір адам болып қалайық.
Қайырмасы:
Өңім бе, әлде, түсім бе?
Мейлі сен түсін, түсінбе?
Қалдым мен, жаным қамалып,
Тұп-тұнық көздің ішінде.
Көзіңді қада көзіме,
Сезімді қосшы сезімге.
Айналып бір сәт кетейік,
Сен – маған, ал мен – өзіңе.
Қап-қара түннің көзіндей,
Тұнжырап төнсе жанарың.
Жұлдызды аспан айналып,
Жаныңа сүңгіп барамын.
Қайырмасы.
Бір түнді емес, мың түнді,
Қалғытсын ажар-арайың.
Тұншығып шыққан күлкіңді,
Бақытқа мәңгі балайын.
Қайырмасы.