Жаулап алдың, жанымды жараладың
Сени іздеумен, бақтарды араладым
Жолықтырдың, сыңарлы бір аруды
Сүйе тұра жаныңа бара алмадым
Тыныштық бер, өтінемін жүрегіме
Сендей маған, біреу бақ тіледіме
Сүйгеніңді сүйе білу қиын екен
Құлақ салшы, жарқыным тілегіме
Қайырмасы:
Сүйем сені, басқаны таңдамашы
Жүрегімді, өтінемін алдамашы
Сүйем сені, оралар деп жүз қарадым
Мен сені өзгелерден қызғанамын
Сүйем сені, сүюге жаралғанмын
Қаншама рет жанымды жараладың
Маған бақ боп, бұйырмассың біле тура
Басқа жанға, кеткеніңді қаламадым
Ғашық болдым, алғашқы рет сүйіп едім
Басқаменен, кеткеніңе күйінемін
Пәк жүректі, қорламашы өтінемін
Сені бұлай, сүйгеніме өкінемін
Түсінбеймін, махаббаттың заңдарын
Басқа жанға, жүрегіңді арнадың
Өкінішпен, мұң сыйладың аяулым
Сезімімді, сен бағалай алмадың!