Арман – Мөлдір
Жаңа жыл күні бүкіл әлем шаттанады
Сиқырлы сұлу әсем мереке
Жұлдыз – Мөлдір
Жаңа жыл бізге жылда аттанады
Әр үйге барлық бақыт, береке
Сымбат – Жұлдыз
Жаңа жыл түні жер шарыда, ай – жұлдызбен
Айнала енер ғажап бір күйге
Гаухар – Арыстанбек
Жаңа жыл бізге Ақшақар қызбен
Шырайлы жүзбен келер әр үйге
Гаухар – Жұлдыз
Жаңа жыл бізге Ақшақар қызбен
Шырайлы жүзбен келер әр үйге
Қайырмасы 2 рет
Аспаннан жауған Ақшақардай ақ тілекпен
Орындалады ғажайып сол уақытта
Қарсы алар сәтте бірге болған ақ жүректер
Кенелер жаңа жылда бақытқа
Мөлдір – Арман
Еске алып келер мұңға бөлеп жанымызды
Ризамыз саған біздер әрине
Жұлдыз – Мөлдір
Мұңайма бекер жаңа жыл жетер
Қуаныш, бақыт сыйлап бәріңе
Сымбат – Арыстанбек
Жаңа жыл келер он екіден түн ауғанда
Сымбат – Жұлдыз
Бақытқа теңер ақ қаржауғанды
Гаухар – Арыстанбек
Жаңарсын өмір шаттанар көңіл
Гаухар – Мөлдір
Достармен қол жеткізер арманға
Жаңарсын өмір шаттанар көңіл
Гаухар – Арыстанбек
Достармен қол жеткізер арманға
Қайырмасы 2 рет
Аспаннан жауған Ақшақардай ақ тілекпен
Орындалады ғажайып сол уақытта
Қарсы алар сәтте бірге болған ақ жүректер
Кенелер жаңа жылда бақытқа
Қайырмасы 2 рет
Аспаннан жауған Ақшақардай ақ тілекпен
Орындалады ғажайып сол уақытта
Қарсы алар сәтте бірге болған ақ жүректер
(Кенелер жаңа жылда бақытқа) 3 рет