1)Сұрақ сендерге: "Неге мендік rhyme(рифма) басқа?"
Егемендік алды попса-енді келді (KZ-да).
Under(ground) асты-дайын ас-қа сал қасықты?!
Алға шықтым!
Көрсете келе мен болмаған flow-ды, айқын азап,
Бол маған клоун!
Кезеңнен-кезеңге қуыршақ мс-лер сайқымазақ.
Еріге істейд(і) 90%, Қане, қайсысы ерегеспейд(і)?
Лириктерде үлкен size-батпай мұңға көрсе қайтед(і)?
Айт!...түсінбейд(і) мені?
Айт!...Мүсіндей (енді) кейіпте қалдырған жерінен алып кеттім бір тұлға өнерін.
"Әркімдікі өзіне", сен сүйіп тыңда алып мені büyük(үлкен) сынға,
"Ұйып тұрған ұйым тынған"-биік тұлға сөздері.
Мен не айтсам да өз еркімде!
Әділ-қазы серіктері зеріктірген, өздері кімдер?
...өз еркімде!...
Ескірген flow, шаршы ұйқас, стильге монотонно-стоп!
Мен жас мс-мын, бірақ бұл-мана толы тонна stone!
Fake тілінен бал тамған, қара қалам қалтамда,
Батл толған қоқыстар ма, қарап бала, ал таңда!