Көктемнiң назы, көңiлдiң жазы,
Бiздi тастап кетер ме?
Аяулым, жаным сағындым бағым
Елес боп алдымнан өтер ме?
Әне қарашы, жетi қарақшы
Бiздi қимай сөнiп барады
Қимаймын сенi, ұмытпа менi
Сенсiз өмiр өтiп барады
Арман жолдардан, сансыз ойлардан
Мен өзiңдi аңсап өтермiн
Асылым менiң, ғашығым едiң,
Мен өзіңдi мәңгi күтермiн
Әне қарашы, жетi қарақшы
Бiздi қимай сөнiп барады
Қимаймын сенi, ұмытпа менi
Сенсiз өмiр өтiп барады
Талай күндерiм, талай үндерiм,
Естен кетпес қайта оралмас
Есiмнен кетпес, көз жасым жетпес,
Мiне тұрмыз тағы қоштасып
Әне қарашы, жетi қарақшы
Бiздi қимай сөнiп барады
Қимаймын сенi, ұмытпа менi
Сенсiз өмiр өтiп барады