"Қалдырған"
Жасымда болдым балдырған
Талайды сөзге қандырған
Сол балдырған кезімде
Ғашықтық отын жандырған
Айналайын халқымнан ей
Айналайын халқымнан
Маңдайдан шырақ жандырған
Мәжлісімді көркейт деп
Халқым бір қалап алдырған
Сүмбіленің бұлтындай ей
Сүмбіленің бұлтындай
Сөзің жиі жаңбырдан
Алпысқа келіп ән салып
Атым бір қойдым қалдырған
Шіркін дүние кең едің
Біраз күн алдап бөгедің,
Орта жүздің ішінде
Ән шырқаған мен едім
Сарарқаны сайраңдап ей
Сарарқаны сайраңдап
Жал мен жая жеп едім
Қартайғанда дүние ай
Қайдасың Ыбырай демедің.
Қара бура қартайып ей
Қара бура қартайып
Жар басына шөккен күн
Қарлығып қарттың дауысы
Жалпақ жерде ескен күн
Берейін жастар батамды
Сендерге тізгін көшкен күн
Кәрілер бесік тербетіп
Жастар гүлдеп өскен күн
Жасымда өстім
Жасымда өстім қандай боп ей
Жасымда өстім қандай боп
Күмістен тартқан сымдай боп
Болам деген ой барма
Аппақ шұнақ шалдай боп
Айналайын халқымнан ей
Айналайын халқымнан
Маңдайдан шырақ жандырған
Мәжлісімді көркейт деп
Халқым бір қалап алдырған