Көңiлдегi сырға толып,
Жүректегi жырға толып ақ қағазы.
Бiр жас жiгiт ғашығына,
Алыстағы асылына хат жазады.
Есiне алып нұрлы елестi
Аңсауменен күнде кештi өткiзедi.
Ақ қағаздың ақпарымен
Сағынышын хаттарымен жеткiзедi.
Сен жоқ жерде жүрек әндетпейдi,
Сен жоқ жерде күнде мәңгi өтпейдi.
Бақытыма қолым сәл жетпейдi
Сен жоқ жерде.
Сен жоқ жерде сезiм тербемейдi
Махаббатым сөзiн сөйлемейдi
Өзгелердi көзiмде көрмейдi
Сен жоқ жерде
Жолдауына түсiнменен
Сезiмге ән қосуменен күн кешедi.
Қиалына қанат берiп
Жазғанына жауап берiп тiлдеседi.
Сағыныштың жолдарымен
Кездесер күн болғанымен алыс әлi.
Армандары қатар ұшып
Хат берiсiп хат алысып табысады.
Сен жоқ жерде жүрек әндетпейдi,
Сен жоқ жерде күнде мәңгi өтпейдi.
Бақытыма қолым сәл жетпейдi
Сен жок жерде.
Сен жоқ жерде сезiм тербемейдi,
Махаббатым сөзiн сөйлемейдi
Өзгелердi көзiм де көрмейдi
Сен жоқ жерде.