Алақаннан ұшқан аққуым
Барасың ұзап шалғайға
Қанатың қалқам талмай ма?
Жазылған тағдыр маңдайға (х2)
Еркінде өскен шырағым
Желкілдеп өскен құрағым
Әкеңнің бар ма ау арманы
Табылса теңің, сыңарың (х2)
Алақаннан ұшқан ақ құсым
Бір үйге сен де бақпысың
Алыстап бара-ау жатқаның
Арқама менің батты-ай шын (х2)
Жақсы да жаттық болар ма
Жаманға көңілің толар ма
Жұбыңмен келіп тұрғайсың
Жалғыздан жалғыз оралма (х2)
Қош аман қалқам, қош аман
Көңілімді қайтем босаған
Алдыңнан ашсын бағыңды-ау
Аттаған жаңа-ай босағаң (х3)