Мен сені ақ таңнан
Ақ-ерке шақтардан
Сағынып іздеймін
Сарғайған бақтардан
Жан сырын ақтарған
Жапырақ ақ тардан
Сен жайлы сыр айтып
Тербейді тәтті арман
(Қайырмасы)
Аяулы арманның ақ құс сөзі
Ақ ұлпақ қанатын қақты сезім
Сағынтып кел деген тәтті сөзің
Жаным менің
Жүректі жаралап жүз жылатқан
Өзіңді іздеймін күзгі бақтан
Қайда сол бал сезім біз ұнатқан
Жаным менің
Күн өтсе өзіңсіз
Жүректе сезімсіз
Куә боп тұрды ғаа
Түнгі аспан тек үнсіз
Көшеде қонар күз
Қоңыр күз көңілсіз
Көңілсіз шақтарда
Қалмашы сен үнсіз