Көңілсіз күндермен
қоңыр күз жеткенде
қолына гүл бергем
қош дедің көктемге
сен оны сезбедің
сен оны білмедің
сен әлде өзгені
сағынып жур ме едің
сүйгенін сезбес кім
сынана төзбес кім
сыр айтып сен жайлы
мұң айтты кербез түн
жұбаныш болмайды
жаныма өзге ешкім
келеді кездескім
өзіңді көргелі
өзгеше күй кештім
сыңар боп сезбедім
сезіммен үйлестім
жолыма жолықтың
жанарың мөлдіреп
мен сені көріппін
сол кезде соңғы рет
сүйгенін сезбес кім
сынана төзбес кім
сыр айтып сен жайлы
мұң айтты кербез түн
жұбаныш болмайды
жаныма өзге ешкім
келеді кездескім
аңсаткан ардағым бұл жалғанда
өзіңдей жан бар ма
айналган арманға
бір сендей жан бар ма
сүйгенін сезбес кім
сынана төзбес кім
сыр айтып сен жайлы
мұң айтты кербез түн
жұбаныш болмайды
жаныма өзге ешкім
келеді кездескім