Ақ көйлек, қызыл бешпет әдемі қыз,
Тиген жоқ әлі ешкімге, әдемі-ау, әлегіміз.
Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің,
Өзіңнен әлі күнге, әдемі-ау, дәмеліміз.
Сәулелі алтын айымсың,
Бақытым сенсің, барымсың.
Дариға мынау жалғанда,
Таңдап бір сүйген жарымсың.
Ақ көйлек, қара камзол белін буған,
Жан едің қатарыңнан, әдемі-ау, артық туған.
Мен саған ғашықтықтан сөз айтамын,
Аржағын өзің шешіп, әдемі-ау, өзің ойлан.
Сәулелі алтын айымсың,
Бақытым сенсің, барымсың.
Дариға мынау жалғанда,
Таңдап бір сүйген жарымсың.