Бұйра бұлттар буырқанып,
Аспанымда қалқиды.
Қоңыр самал жүздеріңді,
Баяу ғана шарбиды.
Асқар таулар айбарлана,
Қарап маған тұрғандай.
Жолдар жатыр шығыйырсыз,
Сапар шексем арман-ай.
Қайырмасы
Ей , арман-арманым-ай,
Бес күндік жалған-ай.
Оралмас балалық шақ,
Алыста қалған-ай.
Күндер өтті зымырап,
Уақыт бізді тоспайды.
Өмірдегі тар соқпақ,
Қайталана бастайды.
Жүрегіңмен сезінсең,
Болмайды екен бос қайғы.
Шексіз әсем табиғат,
Арманыңа бастайды.
Қайырмасы
Ей , арман-арманым-ай,
Бес күндік жалған-ай.
Оралмас балалық шақ,
Алыста қалған-ай.
Ей , арман-арманым-ай,
Бес күндік жалған-ай.
Оралмас балалық шақ,
Алыста қалған-ай.
------------------------------------------------------------
Қайырмасы
Ей , арман-арманым-ай,
Бес күндік жалған-ай.
Оралмас балалық шақ,
Алыста қалған-ай.
Ей , арман-арманым-ай,
Бес күндік жалған-ай.
Оралмас балалық шақ,
Алыста қалған-ай.
---Оралмас балалық шақ,
Алыста қалған-ай.