Өткенді кеткенді есіңе алмашы жарығым,
Бәрібір жоқ белгі салынып қайтеміз сан ойға,
Сыйлаған гүл алғаш жоғалған сәтті артқа қарайла,
Қайтадан құралмас сезім деген шарайна.
Бәріне де жан шыда,
Әр қоштасудың өз себебі бар шығар,
Айып тақпа маған босқа,
Сенің бағыңа адам басқа
Енді бекер хабарласпа.
[Қайырмасы]
Хабарласпа сағынсаң да, қимасаң да,
Хабарласпа өз-өзіңе сыймасаң да,
Жолдарымыз екеуіміздің тоғыспайды,
Арамыз да алыстайды. Хабарласпа.
Саған да, маған да, мойындайтын, жаным кез келді,
Табылмас амал да, бұл күндері бәрі өзгерді,
Іздеме, аңсама бақыттың бекеті қашықта,
Бір-бірін қаншама түсінбеген ғашықтар...
Өз бағыңа қонғайсың
Тек жүрегіңдегі естелік болғайсың
Енді сені кешіремін
Өйткеніме көшіремін
Ертеңімнен өшіремін
[Қайырмасы]
Хабарласпа сағынсаң да, қимасаң да,
Хабарласпа өз-өзіңе сыймасаң да,
Жолдарымыз екеуіміздің қосылмайды,
Арамыз да алыстайды. Хабарласпа.