Арманымда сен жарқыным,
Сағынамын мен алтыным.
Жанымда менің жоқсын тек, сен неге?
Есімде менің сол күндер,
Аспаны айлы сол түндер,
Ол мүмкін бәрі ертегі
Асқар таудың биік өзені болайық,
Қосылып мәңгіге ғашықтар үніне.
Жұлдыз боп жарқырап қоршаған аспанда
Армандаймын махаббатымды өңімде, түсімде.
Өзіңе қарап жан құрбым,
Көзіңді талай талдырдым,
Нәзік сезімді өзіңдей, жалғыз сен.
Өзіңдей көркем таппадым,
Айдындай мөлдір аппағым
Қиялға баттым жалғыз мен, жалғыз мен
Асқар таудың биік өзені болайық,
Қосылып мәңгіге ғашықтар үніне.
Жұлдыз боп жарқырап қоршаған аспанда
Армандаймын махаббатымды өңімде, түсімде.