Бір отты өлең шығар мекен мен арнаған
Қайран күндер ойын ойнап кеш батырған
Бала көңіл арамдықтан аулақ өсіп
Ақын балаң Талапты деп ән шырқаған
Жайнасын, көркейсінші құтты мекен
Көксуыма барлық тұрғын ғашық екен
Сірә оған шомылмаған адам жоқ қой
Әр адамнан бір естелік қалып кеткен
Салып кетем менде бір әсем әнді
Ауылдастар өмірлерің болсын мәнді
Ауылдан өсіп шыққан ағаларым
Көркейтіңдер ауылымды одан әрі
Ауылым ұйымшылдық туын тіккен
Ұлыс күнін бас қосып бірге күткен
Еңбектеген баладан қартқа дейін
Жиналып той тойлатар ауыл біткен
Қазақы дәстүрінен аттамаған
Ауылым Талапты деп мақтаналам
Тек жақсылық тілеймін баршаңызға
Жамандықтан барлығын сақта Аллам
Кудайберген Кайрат