Ханшайымым
Талай ару болсын мейлі әлемде,
Күндіз-түні бар ойым тек өзіңде.
Өзгені көрмеймін,
Өзгені сүймеймін,
Білмеймін неге?
Болсаң деймін болашақта жанымда,
Сүйіп қана аялайын қолымда.
Сезімді жандырып,
Есімнен таңдырып,
Болшы жанымда.
Қайырмасы:
Ханшайымым-ау
Сөздерің неткен әдемі еді тәтті балдай,
Көздерің шіркін сұлулық тұнып тұрғандай,
Күлесің ерке күлгенің нәп нәзік сондай.
Ханшайымым-ау
Жүрегіме мәңгілікке махаббат сыйлап,
Ғашық болғаннан бастап тек өзіңді ойлап,
Өмір сүре берейік мәңгі күліп ойнап,
Бірге жаным.
Сенсіз жаным махаббатты білмес ем,
Сол сезімнің дәмін татып көрмес ем.
Өмірімнің мәні
Жүрегімнің әні
Өзіңсің еркем.