Көздеріңе қарап тұрып көркем
Сүйгеніне сөз салмақшы ертең
Ертең бірақ ертегіңмен қалма
Бүгін бағын тауып қойып еркең
Сонда бәрі кеш болады мейлі
Өкініштен өртен
Арман барда жігеріңді сайла
Ертең деген ертен бітпес айла
Түніменен тынышталған тәтті ой
Таң атқанда жоқ болады қайда
Өміріңді өзгертеін өзің
Тағдырыңнан тайма
қ-сы
Уақытыңның аша алмасан құлпын
Көңіліңнен көшеді рас күлкің
Жастығыңның жалыныменен жаса
Жалынсаңда қайтып келмес бұл күн
Бармағыңды тістеп қалма ертең
Барлығыда мүмкін Барлығыда мүмкін
Қарбаласта хабарластың кімге
Анашыңың хәлін сұра күнде
Мүмкін сәтте сезіміңді білдір
Мүмкіндігін болмайй қалар мүлдем
Бақытыңды бағалашы бүгін
Гүлсің деші гулге
Кеммін деме артығы жоқ елден
Өртенсеңде арманыңмен өртен
Өмір деген бес кун ғана бізде
Мәңгілікке сенбі шығар ертең
Жексенбіден жеңіс күтпе мүлде
Кетерсің тез келсең