Көңілімде, көгімдегі күн көруші ең,
Барғанда маған ылғи гүл беруші ең.
Жалт етіп жай отындай көкжиектен
Әттең-ай маған енді бір көрінсің.
Кетер ем бұлтпен бірге араласып,
Көрер ем найзағаймен жағаласып.
Артыңнан ақша бұлт боп жүзер едім
Көзіме бір көрінсең, бала ғашық.
Сандалтты-ау сайдан соққан самалым-ай,
Ой-санам құлайды кеп саған ұдай.
Күн кешіп әлде қандай жүр екенсің?
Сүттен ақ, судан таза адалым-ай.
Сарғайған сағынышпен араласып,
Басымнан жастық дәурен барады асып.
Көзіме бір көрінші, тынайын мен
Қайдасың, қайда жүрсің бала ғашық?
Сандалтты-ау сайдан соққан самалым-ай,
Ой-санам құлайды кеп саған ұдай.
Күн кешіп әлде қандай жүр екенсің?
Сүттен ақ, судан таза адалым-ай.