1969 жылы Төлеген Момбековтың асыл жары Пернеш қайтыс болып, Райхан, Қызжан, Дана, Гүлжан, Салтанат атты бес қызымен, Қайрат атты бір ұлымен қалған Төкеңе бұл қаза қатты батады. Жан күйзелісіне толы осы жылы өмірге бірінен соң бірі төрт күй келеді. Сол кезде автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істейтін Төлеген бір күні жұмыстан шаршап үйіне келсе, Қайраты төрт жасар Салтанат деген қызын жылатып қойыпты. Сонда Салтанат біраз жыл өтсе де, өлген шешесін ұмытпай: "Апама айтам" деп зар еңіреп жылайды. Осы сөзді құлағы шалып қалған күйші сондай бір ауыр күй кешіп, қатты толқиды. Қызын жұбатып отырып: "Қайтемін, жаным-ау" деп қосыла жылайды. Сосын сүйеніші де, жұбанышы да болған домбырасын сабалай береді. Ертеңіне жаңа күй шығады. Күйдің атын қызына жұбату ретінде "Салтанат" деп қояды. In 1969, Tolegen Mombekov's noble wife Pernesh died, leaving Tokene with five daughters, Raikhan, Kyzzhan, Dana, Gulzhan, Saltanat, and one son, Kairat. This year, full of stress, four consecutive moods come to life. One day Tolegen, who was the head of the auto club at that time, came home tired from work one day, and Kairat cried his four-year-old daughter Saltanat. Then, a few years later, Saltanat cried, not forgetting her dead mother: "I'll tell my mother." The kuishi, who heard this word, was in such a difficult situation and was very excited. She comforts her daughter and cries, "I'll be back, sweetheart." Then he continues to beat his dombra, which is both a support and a consolation. A new state will appear tomorrow. Kui is called "Saltanat" as a consolation to her daughter. | |