Сағындым сағым уақыт
Табатын жаным бақыт
Балалық ұяның
Қарлығаш қиялың
Еске алып тербелемiн
Жұлдызын көгiмнiң
Бақытын өмiрдiң
Аңсаумен мен келемiн
Сағыныш-ай, сағыныш-ай
Сен де бiр арман
Сен де бiр жалған
Сағыныш-ай, сағыныш-ай!
Сенiмен бiрге
Толқиды жаным менiң
Сағындым сағым жылдар
Өттiң-ау ағып, жылдар
Баладай алаңсыз
Баянды, баянсыз
Тағдырға бағынумен
Оралып келе алмай
Достарды көре алмай
Күн кештiм сағынумен
Сағыныш-ай, сағыныш-ай
Сен де бiр арман
Сен де бiр жалған
Сағыныш-ай, сағыныш-ай!
Сенiмен бiрге
Толқиды жаным менiң