Ән арқылы табиғатпен тілдестім,
Ән арқылы бабалармен үндеспін.
Жанға дауа, мөлдір таза суын іштім бұлақтың
Адалдықты, адамдықты жүрегіммен ұнаттым
Жеке дара шапқан, оза жүрек менің құмарым
Әсем әнмен тәтті күй ғой шын өмірлік сыңарым
Қайырмасы:
Арғымақтың шабысындай
Тасқын судың ағысындай
Бағы қайтпас, сағы сындай
Қырандай самғар
Мәңгілік рухым бар
Баладаймын еркелеген желбіреген туымын
Жолдаспын мен бір бөліскен ыстығы мен суығын
Барына да, жоғына да шыдай білген тектімін
Дауылдатып, құйындатар әлі қатты екпінім
Қайырмасы:
Арғымақтың шабысындай
Тасқын судың ағысындай
Бағы қайтпас, сағы сындай
Қырандай самғар
Мәңгілік рухым бар