Бақытым болып жолыққан маған
Күн сайын саған жақындап барам
Сенің көзің мен үшін бір бөлек ғалам
Жұлдыздай жарық жанамын жаным
Сен болсаң мәңгі менің жанымда
Қайда болсаңда жанындамын
Жанындамын сенің жанында
қайырмасы:
Аяулы әнім сен деп білемін
Аялағаным сенде тілегім
Аңсаған асыл арманым менің
Таңдауым менің
Жаныммен сүйіп бағалағаным
Сезімімді сен бағала жаным
Өзіңді сүйген жүрегімді
жараламағын
Жүректің әнін сен үшін салам
Өмірдің нәрін өзіңен алам
Бар әлемнен сендей жанды қайдан табам Себебі сенсің сағынышымның
Өзіңдей ешкім енді табылмас
Қайда болсаңда жанындамын
Жанындамын сенің жанында