Түсiнбесеңде сырын жанымның
Құлазып жиi сенi сағындым
Болсыншы деп ем гүлi бағымның
Шолпаны жалғыз атар таңымның
Нелiктен түсiң,серттен жаңылдың
Ақ ұрып жиi,сенi сағындым
Болар-ау деп ем арқауы әнiмнiң
Басқа сезiмге бiрақ бағындың
Деушi едiң ғой сенiң пәкiнмiң
өкiнiш өртеп сенi сағындым
Атыра алмай таң,түндер сабылдым
Жарығы сөнiп үмiт шамымның
Кiмдер сыйлаған сырға тағындың?
Қызғаныш лаулап сенi сағындым
Жалғыз құлазып,жүрмiн жаным мұң
Болшы нұры сен алда таңымның
Сағыныш деген ғажап сағымым
Еркiме бойлап сенi сағындым
Келтiрер сенсiз өмiр мәнiн кiм?
Тынысы екенсiң менiң жанымның
Күтумен сенi ұзақ сарылдым
Сабырым жеңiп,сенi сағындым
Атар таңынмын,сенiң бағыңмын
Жылыншы келiп өрттiң жалыңның