Айдай нұрлы арман, көл бетінде қалған
Көңіліме қонған, сайра бұлбұлым
Біреуім де болған, тілеуім де болған
Жүрегімде қалған, сайра бұлбұлым
Жүрегімде қалған, сайра бұлбұлым
[Қайырмасы]
Бұлбұл аай, сайра бұлбұл ай
Өмір өтер бір күн-ай, бұлбұл-бұлбұл ай
Бұлбұл аай, сайра бұлбұл ай
Өмір өтер бір күн-ай
Жайнашы, жайнашы көңіл гүл-гүл ай
Жайн-жайна, жайнашы көңіл гүл-гүл ай
Жұпарымдай аңқып, қиялымда қалқып
Сағынышымды айтып сайра бұлбұлым
Бақытымдай балқып, шаттығымдай шалқып
Арманымды айтып сайра бұлбұлым
Арманымды айтып сайра бұлбұлым
[Қайырмасы]
Бұлбұл аай, сайра бұлбұл ай
Өмір өтер бір күн-ай, бұлбұл-бұлбұл ай
Бұлбұл аай, сайра бұлбұл ай
Өмір өтер бір күн-ай
Жайнашы, жайнашы көңіл гүл-гүл ай
Жайн-жайна, жайнашы көңіл гүл-гүл ай