Ауылым - әнім
с. Б.Тәжібаев
ә. Е.Хасанғалиев
Қайда жүрсем, туған жерім
Сен есімнен шығармысың!
Жастық дәурен құрған жерім
Көз алдымда тұрармысың!
Ғашық едім қыр гүліне
Қызық-тойым сенде өтеді
Сенде өткерген бір күніме
Дүниеде не жетеді!
Сүйем таныс жолдарыңды
Саған бастап әкелетін
Сүйем жасыл талдарыңды
Жанға ләззат әперетін
Сүйем айна көлдеріңді
Мөлдіреумен қарайтұғын
Сүйем белес-белдеріңді
Таң сәулесі тарайтұғын
Саған жырдан - сый арнағам
Қиял құсын қуған жерім
Туған жерін сүйе алмаған
Сүйе алар ма туған елін!
Ауылымнан аттанарда
Алтын аймақ ән салады
Жол тынымсыз тартқан алға
Жүрегімді нұр шалады