Сөзі:Асланбек Ылым
Әні:Асланбек Ылым
Сұлу қыз!!!
Сол арудың назды күлкісі сыңғыр қаққанда
Жүрегімде әсем ән туды арайлы ақ таңда
Күйіп мен жанамын,мөлдір жанарың тура қарағанда
Тәңір бұйыртып,маған сый етіп анаң тапқан ба?
Қ:сы
Сұлу қыз сенсіз көңіл толы мұң
Мәрмәр мүсін жақұтым
Болшы менің бақытым!!!
Жанды баурап,бір көргеннен-ақ естен тандырдың
Тамшысындай неткен мөлдірсің күзгі жаңбырдың
Кездесейікші,жүздесейікші жиі-жиі біз
Тек тілейтінім жарқын болса екен болашағымыз
Қ:сы
Сүйем десем жымиып қана төмен қарадың
Бұртиып сен не десең дағы көнем қарағым
Тәтті шекерім,көңіл көктемін сенен табамын
Алып кетемін,бақытты етемін ерке маралым!!!