Кездесем деп өзіңмен ойлап едім
Жүрегімді еркіне қоймап едің
Балдай тәтті балауса сезіміңмен
Көңілімді еріксіз байлап едің
Өзіңді іздеп соңыңнан барғанымда
Сөз табалмай айтуға қалмадым ба?
Кешігіп мен қалмас ем, бақытымнан
Қадіріңді бағалай алғанымда
Кешір махаббатыңды сақтай алмадым
Кешір бағаламадым сезіміңді
Кешір сеніміңді ақтай алмай алмадым
Кешір, кешір мені...
Өзіңді ойлап түндер де тынды аруым
Тұңғиыққа батырды тұма мұңым
Кешір мені аяулым, кешіре алсаң
Кешір мені алдыңда кінәлімін
Жүрегіңнің жазар ем жарасын да
Қайда кеттің, сағым боп, барасың ба?
Тым болмаса сен мені оңашада
Сәл мұңайып есіңе аласың ба?
Кешір махаббатыңды сақтай алмадым
Кешір бағаламадым сезіміңді
Кешір сеніміңді ақтай алмай алмадым
Кешір, кешір мені...