Сағыныш сазы тербеді
Таба алмай жанның дауасын
Ауылға жаным келмедің
Зарықтым көрмей қарасын
Құлазып жалғыз келемін
Сен жоқсың жаным қатарда
Сен айдын мен бір кемемін
Сәнім жоқ сенсіз қашанда
қайырмасы:
Қайтушы ек түнгі сейілден
Батқанда ғана әппақ ай
Балқытқан жанды сезіммен
Сондағы қайран шақтар-ай
Ауылға жаным келмедің
Өзіңсіз өтіп жатыр күн
Қалымды білмей сен менің
Ойларға талай батырдың
Келмеді жаным ауылға
Алтыннан алқа тағынып
Мұңайып тұрмын жауында
Келер деп сені сағынып
қайырмасы:
Қайтушы ек түнгі сейілден
Батқанда ғана әппақ ай
Балқытқан жанды сезіммен
Сондағы қайран шақтар-ай