Неге үндемедің, айтшы себебін
Жүрегімде менің жұмбақ болып
Неге мен білмедім, айтшы себебін
Неге, жаным?
Сезімін (таптай), жазылған хаттай
Жүрсің бе жүрегімнің әлі кілтін таппай
Өткен күн — елес, келер күн — белес
Мен аштым жүрек сырын, саған жұмбақ емес
Қолыңды бердің, бағым деп сендім
Шын ғашық сезіміңді көздеріңнен көрдім
Сиқырлы көздің отына түстім
Байланып жүрек жалындаған сезім
Неге тұрсың бағыт таба алмай?
Мен де тұрмын саған бара алмай
Саған деген ынтық сезімім
Жүрегімде от боп қалады-ай
Күлімдеген қылығың тәтті
Сен сыйладың пәк махабатты
Жүрек сені тапты сыңарын іздеп
Аңсаған бақты
Неге үндемедің, айтшы себебін
Жүрегімде менің жұмбақ болып
Неге мен білмедім, айтшы себебін
Неге, жаным?