Қыздарға әсемдiк жарасады, Ай көркi биiктетер аласаны. Болмаса сұлу қыз, ару әйел, Табынып ер кiмдермен таласады.
Өрiмтал, көркем, сұлу мүсiн, Көргенде қайран қап, күюiң шын. Мың ақын жырласа тiл жетпейтiн, Бұл қыздар жаралған тек, Бұл қыздар жаралған тек сүю үшiн.
Қана алмас құмарың қарасаң да, Сұлуға ынтық сұңғақ, аласаң да. Жердегi аруға жетер емес, Аспанның мың жұлдызын баласаң да.
Жүздiрер жүректi нұрлы үмiтке, Басыңа қоятын мұңды үйiп те. Қиял мен жұмбақтан жаратылған, Қыз ару қалар мәңгi бұл биiкте.
Шалқытып шаңырағын тамашаның, Бақытын от басының жар ашады. Тiрлiктiң туы, мәнi ұрпақ деген, Аруға ана болу жарасады.
Көктегi Ай, Күндей дара тұлға, Қыз десе дүние, дала тынған. Қазақтың намысы – ару қыздар, Мәңгi өлмес арман жырдан жаратылған. Girls like beauty, The beauty of the moon. Otherwise a beautiful girl, a beautiful woman, They worship and argue with men.
Sculptural, artistic, beautiful sculpture, When you see it, you are amazed. Thousands of poets sang, These girls were created only, These girls were created just for love.
Even if you look at your unrequited passion, I'm in love with beauty, even if you take it. Not enough beauty on earth, Even if you give birth to a thousand stars in the sky.
To the radiant hope of a floating heart, Heaps of sorrow on your head. Created from fantasy and mystery, The girl will always be beautiful at this height.
Snooze at home, Happiness is revealed by the fire. The flag of life, the essence of which is generation, Aru deserves to be a mother.
The Moon in the Sky, as Individual as the Sun, The world is a girl, the steppe is silent. Kazakh honor - beautiful girls, An immortal dream is created from a song. | |