1.Ескен елеусіз желдей
Өткен күндерге сенбей
Алаң болып жүрсіңдер ме
Балаң алыстан келмей
2.Жүрек тулаған кезде
Аунап қунаған жерге
Амалым не асық аймен
Жүрмін жер талмай менде
ҚАЙЫРМАСЫ
Анашым - әкем!
Сүйінішім қос шынарым
Жандары жайсаң
Жанашырым жақсыларым
Анам, әкем
3.Тағдыр талайын қыйған
Жүрек жылуын жиған
Менің екі мейірбаным
Жаныма нұрын құйған
4.Көкте туғанда жаңа ай
Ай мен күндерді санай
Көздеріңде талдау талай
Жолыма қарай-қарай
ҚАЙЫРМАСЫ
Анашым - әкем!
Сүйінішім қос шынарым
Жандары жайсаң
Жанашырым жақсыларым
Анам, әкем
5.Күнде күлімдеп қарар
Гүлде бүршігін жарар
Қарлығашта қайта оралып
Ұшқан ұясын табар
6.Алаңдамасаң бекен
Аман болсаңдар екен
Алдарыңа құстай ұшып
Менде ұзамай жетем
ҚАЙЫРМАСЫ
Анашым - әкем!
Сүйінішім қос шынарым
Жандары жайсаң
Жанашырым жақсыларым
Анам, әкем