Жадырап, жайнай берші, Анам-ай!
Қайталап қайта күлші баладай.
Жанымда мәңгі жүрші данадай,
Бақ құсым болып, Анам!
Жүргенде тұрмыс сырын ұға алмай,
Жатқанда биік шыңдар шығармай.
Тағылған мойнымдағы тұмардай,
Бақ құсым болып, Ана!
Анашым! Анашым-ай!
Бақытты балаң шын-ай.
Мен үшін ең қымбатсыз
Көзімнің қарасындай.
Бәрінен тұрар Анам ертелеп,
Таласып жатар бәрі еркелеп.
Бәріне қуат болған бәйтерек
Бақ құсың білсең Ана!
Жүзіңде шаттық жүрген шақтарда
Мазалап түрлі оймен ақтарма.
Сабырмен серуендеп қайт бақтарда
Бақ құсым бір сен, Ана!