Сәулем, сәулем, саулем,
Кір шалмаған арымсың.
Сезімдегі жалынсың,
Басымдағы бағымсың.
Домбырамның үні сен,
Жүрегімнің жыры сен,
Жанарымның, жанарымның, жанарымның нұры сен.
Сапар шексем алысқа
Сен жанымнан қалмайсың.
Қиындықтан қалыспай,
Қиялымды жалғайсың.
Мол бақыттың жайында
Сырласумен айта алдық.
Қарағай мен қайыңдай
Қатар тұрып жайқалдық.
Сәулем, сәулем, саулем,
Кір шалмаған арымсың.
Сезімдегі жалынсың,
Басымдағы бағымсың.
Домбырамның үні сен,
Жүрегімнің жыры сен,
Жанарымның, жанарымның, жанарымның нұры сен.
Күндіз күндей күнімсің,
Түнде туған айымсың.
Жайнап тұрған гүлімсің,
Ойға шомған кайыңсың.
Домбыраға тағылған
Екі ішекке жұптастық.
Үміт алды жағылған
Келешекке нық бастық.